Жапония АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан зардап шегуде

958

Қараша айында Жапонияда АҚШ пен Қытайға тасымалданатын тауар көлемі 7,9%-ға төмендеді.   

Жапония АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысынан зардап шегуде

Елдің қаржы министрлігінің дерегіне сүйенсек, АҚШ-қа экспортталатын автокөліктер мен құрылыс материалдарының көлемі, ал Қытайға экспортталатын химиялық өнімдердің көлемі азайған. Бұған дейін Reuters сарапшылары экспорт 8,6%-ға төмендейді деп болжаған болатын.

Ал импорт қараша айында 15,7%-ға қысқарды. Бұған сауда соғысынан бөлек, биліктің 1 қазанда салықты 8%-дан 10%-ға көтеру туралы шешімі түрткі болған. Өйткені бұдан кейін елдегі сұраныс бәсеңдей түскен болатын. 

Қазір АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі экспортқа тәуелді елдердің экономикаларына кесірін тигізіп жатыр. Бұл өз кезегінде тауар тасымалын іркілтіп,тіпті әлемдік экономика мен инвестицияға кері әсер беруде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу