Мұны Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ пен Жапония арасындағы келіссөздер басталатыны туралы хабарлардан кейін, Жапонияның Nikkei индексі 5,6%-ға өскен, бұл аймақтық нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналды.
АҚШ президентінің Жапония премьер-министрі Сигэру Исабамен телефон арқылы тілдескені белгілі болды.
Дональд Трамптың сөзінше, АҚШ Жапония көлігін миллиондап сатып алады. Бірақ, Америка үшін Жапонияның бұл нарығы жабық.
– Бұдан былай мұндай жүгенсіздікке жол берілмейді, – деп нақтылай кетті Трамп.
Еске салайық, осыған дейін Ақ үйге қарасты Ұлттық экономикалық кеңес директоры Кевин Хассетт 50-ден аса мемлекет сауда келіссөзін жүргізу туралы ұсыныс жібергенін мәлімдеген-ді. Алайда оның қай елдер екенін ашып айтпады.
Бұған дейін Жапонияның сауда министрі АҚШ-пен тарифтік мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастырып жатқанын айтқан еді.
Сондай-ақ, Жапония үкіметі АҚШ-тың автомобиль импорттарына қосымша 25% тариф енгізу жоспары Жапония экономикасына айтарлықтай әсер ететінін ескерткен болатын.
Бұл жайттар Жапония мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарының қазіргі күйін көрсетіп отыр. Ал, соңғы келіссөздердің нәтижесі екі елдің экономикасына да ықпалды болуы мүмкін.