Жапония алапат жанартау апатына дайындалып жатыр

1571

 Мамандардың алаңдауына жанартау жер сілкінісінің жиілеп кеткені негіз болып отыр. 

 Жапония алапат жанартау апатына дайындалып жатыр

Жапония үкіметі елдіңоңтүстік-батысында жанартаудың апатты атқылау қаупіне байланысты дағдарыстық штаб құрды деп хабарлайды Киодо агенттігі. 

Бұдан бұрын Жапонияның бас метерологиялық басқарамасы елдің оңтүстік-батысындағы Кутиноэрабу аралында жанартау қатты атқылауы мүмкін екенін, бұл адамдар тұратын аудандарда адам айтқысыз апатқа әкелуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Мамандардың алаңдауына жанартау жер сілкінісінің жиілеп кеткені негіз болып отыр. 
"Дүмпудің орталығы қазір 2015 жылдың мамырында жанартау атқылаған жерде болып отыр. Жанартаудың белсенділігі одан сайын күшейіп кетуі мүмкін", — деп хабарлады басқарма. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу