Жапония әр тұрғынға 930 долллардан бөлу жағын қарастырады

940

Коронавирус жұқтырғандардың саны шамамен 8,8 мыңға жеткен.

Жапония әр тұрғынға 930 долллардан бөлу жағын қарастырады

Пандемия кезінде Жапония билігі әр тұрғынға 930 доллар көлемінде қаржылай көмек беруі мүмкін. Reuters агентігінің хабарлауынша, елдегі "Комэйто" партиясының көшбасшысы үкіметке осындай ұсыныс тастаған. Либералды-демократиялық партия болса, үкімет екінші қайтара осындай көмек беруге әзір болу керек деген пікірде.  

"Әр тұрғынға 100 мың иен (930 доллар) бөлу туралы ұсынысты қарастырамыз. Биылғы бюджетке енгізілетін өзгерістер бекітілгеннен кейін, қаржылай көмекті бөлу-бөлмеу жағы белгілі болады", – деді үкіметтің бас хатшысы Есихида Суга. 

Бұған дейін Жапония өзінің ЖІӨ-нің 20 пайызын пандемия салдарымен күреске шығындаған болатын. Яғни билік бизнес пен қарапайым халықты қиын кезде қолдау мақсатында 1 трлн доллар бөлді: індет кесірінен табысы азайған немесе аз отбасыларға 2750 доллар үлестірілетін болды. 

Соңғы мәлімет бойынша, елдегі коронавирус жұқтырғандардың саны 8 мыңнан асып, оның 151 қайтыс болған. Премьер-министрі Синдзо Абэ төтенше жағдай режимін 8 сәуірде жариялады.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу