Жапония AUKUS әскери альянсын қолдады

687

Өткен айда АҚШ, Ұлыбритания және Аустралия бұл одақты құрған еді.

Жапония AUKUS әскери альянсын қолдады

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Үнді-Тынық мұхиты аймағында Ұлыбритания, Аустралия және АҚШ бірлесіп, ортақ мүдделерін қорғау үшін құрған AUKUS әскери одағын қолдайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министрлер кабинетінің жаңа басшысы аустралиялық әріптесі Скотт Моррисонмен пікір алмасу барысында серіктестікке қолдау білдіретінін жеткізді. Кисида кейбір елдердің аймақтағы статус-квоны өзгертуін тежеуге бағытталған одақтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшылары ынтымақтастықты кеңейту жағын да сөз етті. 

Еске сала кетсек, АҚШ, Ұлыбритания және Аустралия стратегиялық маңызды Үнді-Тынық мұхиты аймағында Қытай ықпалының артуы аясында AUKUS деп аталатын одақ құрған еді. Ақ үй басшысы Джо Байден жаңа одақ құрудың мақсаты Үнді-Тынық мұхиты аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету екенін айтты. Жаңа пактінің аясында АҚШ Аустралияны ядролық суасты флотын құруға мүмкіндік беретін технологиямен қамтамасыз етеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: japantimws.co.jp

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу