Жапония бағаның өсуі мен кірістің төмендеуін тежеу үшін 48 млрд доллар бөледі

578

Жергілікті билік бензин, басқа да мұнай өнімдері мен азық-түлік бағаларын тұрақтандырмақ.

Жапония бағаның өсуі мен кірістің төмендеуін тежеу үшін 48 млрд доллар бөледі

Жапония үкіметі 2022 қаржы жылында қосымша мемлекеттік бюджетті және басқа да қаржылық шараларды бекітеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жоспар бойынша, бұған 6 трлн 200 млрд иен (шамамен 48 млрд доллар) бөлінеді. Қаражат Украина дағдарысының әсерінен туындаған тұтыну бағасының өсуін тежеуге бағытталады. 

Жергілікті билік бензин, басқа да мұнай өнімдері мен азық-түлік бағаларын тұрақтандырмақ. Бұл шаралар мемлекеттік субсидиялар арқылы жүргізіледі. 

Сонымен қатар шағын және орта бизнеске көмек көрсету қарастырылған. Бұл бағдарламаны орындауға мемлекеттік резервтен 1 трлн 500 млрд иен (шамамен $11,8 млрд) бөлу көзделіп отыр. Қалған сома қосымша мемлекеттік бюджет түрінде рәсімделіп, парламенттік сессия барысында бекітіледі.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу