Жапония билігі жер сілкінісінен зардап шеккендер барын растады

801

Жапония билігі жер сілкінісінен зардап шеккендер барын растады

Жапонияның Осака префектурасында болған жер сілкінісі салдарынан үш адам қайтыс болды деп, Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есихидэ Суга бұған дейін БАҚ-тың таратқан ақпаратын растады, деп хабарлайды "Интерфакс"
"Қазіргі уақытта біздің қолымызда екі адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бар", – деген ол, соңғы келіп түскен ақпарат бойынша қайтыс болған үшінші адамның денесі табылғанын айтты. 20 адам жарақат алған. 
Қайтыс болғандар – тоғыз жасар қыз бала мен екі ер адам. 
Бұған дейін Жапонияның метеорологиялық агенттігі жапондық Осака префектурасында жергілікті уақыт бойынша 08.00-де (02:00 муб) жер сілкінісі болып, оның магнитудасы 5,9-ға жеткенін хабарлаған болатын. Кейін агенттік жер сілкінісінің магнитудасы 6,1-ге дейін жеткенін мәлімдеді. 
Билік өкілдерінің хабарлауынша, жер сілкінісі болған жердегі АЭС-ке зиян келмеген. Сондай-ақ БАҚ сақтық үшін Осакадағы жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылғанын, Осака мен көршілес Хего префектурасында 170 мыңға жуық үй жарықсыз қалғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу