Жапония да өз әуе компанияларын Беларусьқа ұшпауға үндемек

753

26 мамырда Украина бұл елмен әуе байланысын үзу туралы шешім қабылдады.

Жапония да өз әуе компанияларын Беларусьқа ұшпауға үндемек

Ryanair ұшағына қатысты оқиғадан кейін Жапония билігі ұлттық компанияларға Белоруссияның әуе кеңістігінен ұшпауға үндемек, деп хабарлайды Inbusiness.kz министрлер кабинетінің бас хатшысы Кацунобу Катоның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

"Коммерциялық рейстің мәжбүрлі түрде қонуына байланысты елдегі әуе компанияларына Беларусьтың әуе кеңістігі арқылы ұшпау туралы ескерту жіберіледі", – деді Като.

Катоның айтуынша, беларусьтық компанияларға Жапонияның әуе кеңістігіне кіруге мүлдем тыйым салынады.

26 мамырда Украина бұл елмен әуе байланысын үзу туралы шешім қабылдады. 
Еске сала кетсек, 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болған еді. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Ұшақ жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: ifn.news

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу