Жапония Дүниежүзілік Банкке 3,4 млрд доллар береді

757

Жергілікті билік Африка елдеріне тағы 10 миллион доза жеткізетінін мәлімдеді.

Жапония Дүниежүзілік Банкке 3,4 млрд доллар береді

Жапония үкіметі Дүниежүзілік банк құрамындағы Халықаралық даму қауымдастығына 3,4 млрд доллар бөледі. Бұл қаражат дамушы елдердің пандемиямен күрес жүргізуіне жұмсалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Жапонияның Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Әлем бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан кешіп отыр. Біз кедейлікті жою жолында қол жеткізген жетістіктерден айырылып қалуымыз мүмкін. Инфекцияның өршуін болдырмау үшін вакциналар мен дәрі-дәрмектерді дамушы елдерге тез арада жеткізуіміз керек", – деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде. 

Жапония бұған дейін де COVAX халықаралық платформасы арқылы басқа мемлекеттерге бірнеше рет қолдау көрсетті. Осы шара аясында Индонезия, Вьетнам, Малайзия, Таиланд және басқа да елдерге вакцинаның 25 миллионға жуық дозасы жіберілді. Сонымен қатар алдағы уақытта Жапония Африка елдеріне тағы 10 миллион доза жеткізеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу