Жапония экономиканы ынталандыру үшін $691 млрд бөлінеді

851

Өткен жылы елдің барлық тұрғындарына, сонымен қатар ел аумағындағы шетелдіктерге пандемия кезінде 100 мың иен үлестірілген еді.  

Жапония экономиканы ынталандыру үшін $691 млрд бөлінеді

Жапония пандемиядан зардап шеккен экономиканы ынталандыру үшін 78,9 трлн иен ($691,5 млрд) бөледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Ел үкіметі бюджеттен 55,7 трлн иен ($488,2 млрд) шығындайды. Шамамен 23,2 трлн иен ($203,3 млрд) көлеміндегі қалған қаражат жеке инвестициядан тартылады. Жергілікті билік шаралар пакетін 19 қарашада бекітпек.

Осы қаражат есебінен Жапония билігі халық пен бизнеске көрсетілетін экономикалық қолдау көлемін арттыруға ниетті. 18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға әр бала үшін 100 мың иен көлемінде (шамамен 880 доллар) жәрдемақы төленеді. Өткен жылы Жапонияның барлық тұрғындарына, ел аумағындағы шетелдіктерге пандемия кезінде 100 мың иен үлестірілген еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу