Жапония экономиканы ынталандыруға 708 млрд доллар бөледі

750

Пандемия басталғалы осындай мақсатпен 3 трлн доллар жұмсалды.

Жапония экономиканы ынталандыруға 708 млрд доллар бөледі

Жапония үкіметі коронавирус пандемиясынан зардап шеккен экономиканы ынталандыру үшін 708 млрд доллар шығындауды жоспарлап отыр. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. Бекітілген қаражат сондай-ақ жасыл және цифрлық инновациялар саласына да құйылады.

Ел премьер-министрі Йосихидэ Суганың айтуынша, оның 384 млрд доллары ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін азайту және цифрлық технологияларды дамытуға бағытталады. 

Ресми Токио коронавирус салдарымен күрес үшін осы күнге дейін 3 трлн доллар бөліп отыр. Reuters агенттігінің дерегінше, бұл елдің экономикасы бір тоқсанда 5,3%-ға өсіп, қыркүйек айында оң сальдо мөлшері 2,14 трлн иенге жеткен.

Табиғат Нұрболат

Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу