Жапония экономикасы төртінші тоқсанда баяулады

2146

Сұраныстың төмендеуі өндірістің бәсеңдеуіне себеп болып отыр.

Жапония экономикасы төртінші тоқсанда баяулады

Reuters агенттігінің дерегінше, Жапониядағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі  0,9%-ға қысқарған. Бұл тенденция екі ай қатарынан жалғасып келеді. Аналитиктер 1,4%-ға төмендейді деп болжаған болатын. 

Токиодағы зерттеу институтының бас экономисі Хироаки Мутудың айтуынша, ел экономикасындағы құбылмалылық әлі де сақталуы мүмкін. Өйткені Қытай мен АҚШ арасындағы сауда текетіресінің салдары ұзаққа созылуы ықтимал. Дегенмен сарапшы өнеркәсіптік өндіріс қарқыны баяу болса да, бірқалыпты түрде өсетінін айтып қалды. 
Елдің экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің хабарлауынша, желтоқсан айында өндіріс 2,8%-ға, ал қаңтарда 2,5%-ға өседі. 

Экономикалық тоқырауға әсіресе білдек жасау, ақпараттық жабдық өндірісі және бөлшек саудасы ұшыраған.  

Тағы бір жайт, елдегі жұмыссыздық деңгейі қараша айында 2,4%-дан 2,2%-ға төмендеген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу