Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын безендіруге әзір

1437

Жапония ЭКСПО-2017 көрмесіндегі павильонын безендіруге әзір

А. Есімов жапондықтарды көрмеге дайындық жасау және халықаралық қатысушыларды тарту мәселесімен таныстырды.

"Кеше мен сіздердің мемлекеттеріңіздің Президентіне сенім грамотасын табыс еттім. Содан кейінгі алғашқы кездесу – ЭКСПО-да болады. Өйткені, оған қатысуға біздің Үкімет аса зор мән беріп отыр. Біз павильонымызды безендіруге дайынбыз", - деп атап өтті И. Кавабата.

Екі жақ Жапония тарабының көрмеге қатысу барысындағы техникалық мәселелерін талқылады.

Басқарма төрағасы Жапония елшісіне ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысындағы белсенділігі үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмені тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

primeminister.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу