Жапония елімізде "Eurasian Machinery" компаниясын ашты

1384

"Hitachi Construction Machinerу" Қазақстаннан бөлек, тағы 5 елдің, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжанның нарықтарында жұмыс істейді. 

Жапония елімізде "Eurasian Machinery" компаниясын ашты Фото: kapital.kz

Құрылыс және тау-кен өндіру техникасын шығаратын Жапонияның "Hitachi Construction Machinerу" компаниясы Қазақстанда "Eurasian Machinery" атауымен жаңа сауда-сервистік компаниясын құрды, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған компания Қазақстаннан бөлек, тағы 5 елдің, яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжанның нарықтарында жұмыс істейді. Компанияның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Енді ашылған компанияда 800 жаңа жұмыс орны пайда болған. Алдағы уақытта жапонияның озық техникаларын жеткізумен айналысады. 6 елде 50 филиалы болады. Компания жоғары технологиялық орталықта тұтынушыларға сапалы техникалық қызметтер көрсетеді.

"Hitachi" жоғары технологиялық компания. Техникаларымызды әлемнің дамыған елдері қолданады. Қазақстандағы негізгі нарық құрылыс пен тау-кен саласы болмақ. Өзім осы компаниядағы  42 жылдық еңбек тәжірибеме сүйене отырып, техникаларымыздың жоғары сапаға ие екендігіне кепілдік бере аламын", - дейді "Hitachi Construction Machinery" концернінің бас директоры Тацуро Исидзука.

Жалпы "Hitachi Construction Machinery" құрылыс және кен өндіру технкасын шығаратын компания. Әлем бойынша 20 мыңнан аса қызметкері бар. Ұйымның тек былтырғы табысы шамамен 9 миллиард долларды құраған. Ал, жаңадан ашылып отырған "Eurasian Machinery" компаниясы "Hitachi Construction Machinery"-дің техникаларын жеткізіп отырады.

"Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы ел саналады. Бұл жерде металл, газ, мұнай, бидай қоры мол. Тиісінше өзге елдермен салыстырғанда кәсіпорындар да көп. Сондықтан экономикалық өсімдеріңіз жоғары. Осы жағдай ескеріліп, жаңа сауда-сервистік компанияның штаб пәтерін Алматыға орналастырдық", - дейді "Eurasian Machinery" компаниясының ортақ құрылтайшысы және бас директоры Мехмет Кемаль Четинелли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу