Жапония Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV отырысына шақырылды

1040

Отырыс осы жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Жапония Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV отырысына шақырылды

Жапонияда жұмыс сапарымен жүрген мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева Жапония парламенті кеңесшілер палатасының Спикері Чуичи Датэмен кездесті, деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап,  парламентаралық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы  пікір алмасты.

Кездесуде  Гүлмира Исимбаева кеңесшілер палатасының төрағасына осы жылдың 23-24 қыркүйегі аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері спикерлері IV отырысына қатысу үшін ресми шақыру хатын табыс етті.

Өз кезегінде Чуичи Датэ Жапония Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән беріп отырғанын атап өтіп, 2016 жылы Жапония парламенті қос палатасының депутаттары алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған тарихи баяндамасына назар аударды.

Сонымен қатар, Жапония парламентінің депутаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елін жаңғырту жолында табысты жетістіктерге қол жеткізген халқының шынайы көшбасшысы екеніне тоқталды.

Чуичи Датэ жаңа президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу