Жапония "Фукусима-1" АЭС-нен судың екінші партиясын шығара бастады

370

Екінші айналымда шамамен 7 788 тонна су 17 күн ішінде ағызылады.

Жапония "Фукусима-1" АЭС-нен судың екінші партиясын шығара бастады Фото: atomic-energy.ru

Токио электрэнергетикалық компаниясы (Tepco) 5 қазанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 10:20-да (Астана уақыты бойынша 07:20) суды төгу процесін бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компанияның мәліметінше, бірінші кезеңде зауыт аумағындағы 10 резервуарда сақталған барлығы 7 788 тонна тазартылған су қауіпсіз сұйылтылып, еш қиындықсыз төгілген.

Екінші айналымда шамамен осындай көлемдегі су 17 күн ішінде ағызылады.

Компания 1000-нан астам резервуарларда сақталған тазартылған судың тритийден басқа барлық радиоактивті элементтерді жою үшін сүзгіден өткенін, оның деңгейі БҰҰ Атом энергиясы агенттігі қолдаған қауіпсіз деңгейде екенін мәлімдеді.

Суды Тынық мұхитына толықтай төгу үшін үш жылдай уақыт кетеді деген болжам бар. 

Жапония Фукусимадағы тазартылған радиоактивті суды мұхитқа 24 тамызда төге бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу