Жапония ғалымдары теңіз суында жылдам еріп кететін пластик жасап шығарды

117

Кейін оны табиғи бактериялар одан әрі қайта өңдей алады. 

Жапония ғалымдары теңіз суында жылдам еріп кететін пластик жасап шығарды Фото: Depositphotos.com

Жапония ғалымдары теңіз суында бірнеше сағат ішінде толық еріп кететін пластик түрін жасап шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ басылымына сілтеме жасап.

RIKEN Жаңа материалдарды зерттеу орталығы мен Токио университетінің ғалымдары ойлап тапқан пластик тез ыдырайды әрі ешқандай із қалдырмайды.

Жоба жетекшісі Такудзо Айданың сөзінше, бұл зерттеулер сала мамандары тарапынан айтарлықтай қызығушылыққа ие.

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының болжамына сәйкес, 2040 жылға қарай пластиктің ластануы үш есе ұлғаяды. Бұл жыл сайын Дүниежүзілік мұхитқа 23-37 миллион тонна қалдық түсуі мүмкін деген сөз.

"Балалар қандай планетада өмір сүретінін таңдай алмайды. Ғалымдар ретінде міндетіміз – оларға ең жақсы ортаны сыйлау", – деді Такудзо Айда.

Ғалымдардың айтуынша, жаңа материалдың беріктігі мұнай негізінде жасалған пластикке ұқсас. Десек те, тұздың әсерінен бастапқы компоненттеріне ыдырайды. Кейін оларды табиғи бактериялар одан әрі қайта өңдей алады. Пластмасса улы емес, жанбайды әрі көмірқышқыл газын да шығармайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу