Жапония халқының саны азайып келеді

289

Бұл көрсеткіш он үшінші жыл қатарынан төмендеген.

Жапония халқының саны азайып келеді Фото: canva.com

2023 жылдың қазан айында Жапония халқының саны 124,35 миллион адам болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 595 мың адамға аз. Бұған елдің Әкімшілік істер және коммуникациялар министрлігінің мәліметтері дәлел, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты Anadolu-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл көрсеткіш он үшінші жыл қатарынан төмендеген.

2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың қазан айына дейін жапон азаматтығына ие жапон азаматтарының саны 837 мың адамға азайған. Бұл – 1950 жылдан бергі ең үлкен төмендеу.

Жапонияда 65 жастан асқан қарттардың саны 36,4 миллионға жеткен, бұл – жалпы халықтың 29,1 пайызы.

75 жастан асқан жапон тұрғындарының саны 20,08 миллионға өскен. Ал 14 жасқа толмағандар саны шамамен 14,1 миллионға дейін азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу