Жапония індетке қарсы енгізілген шектеулерді алып тастайды

689

Шектеулер барлық 27 префектурада жойылады.

Жапония індетке қарсы енгізілген шектеулерді алып тастайды Фото: reuters.com

Жапония билігі індетпен күресуге бағытталған барлық төтенше жағдай шектеулерін алып тастайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Japan Times сайтына сілтеме жасап. 

Шектеу шараларын қысқарту біртіндеп жүзеге асырылады. Процесс 30 қыркүйекте басталады. Жапония билігі экономиканы қалпына келтіру үшін осындай қадам жасамақ. Бұл шешімді шенеуніктер сарапшылармен кеңесе отырып қабылдады. 
Үкімет шектеулердің орнына басқа шараларды енгізеді. Вакцинация паспорттары мен міндетті тестілеуді енгізу мәселесі қарастырылуда. Шектеулер барлық 27 префектурада жойылады. 

Ел Премьер-министрі Есихида Суганың айтуынша, індеттің жаңа толқыны басталса, төтенше жағдай шектеулері дереу енгізіледі.

24 қыркүйекте Норвегия індетке қарсы шектеулерді толығымен алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл елдегі ересек тұрғындардың 95%-ы вакциналаудан өткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу