Жапония Камчаткадағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупін жариялады

164

Мияги префектурасындағы Исиномаки портында 50 см, ал Ибараки префектурасының Оараи қаласында 40 см биіктіктегі толқындар байқалды. 

Жапония Камчаткадағы жер сілкінісінен кейін цунами қаупін жариялады Фото: Gismeteo

Бүгін, 30 шілде күні Ресейдің Камчатка түбегінде болған қуатты жер сілкінісінен соң Жапония билігі Тынық мұхиты жағалауында цунами қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Елдің солтүстік және шығыс аймақтарында теңіз толқындарының биіктігі 50 сантиметрге дейін жеткені тіркелді. Цунами туралы ескерту теміржол және әуе қатынасын уақытша тоқтатуға, сондай-ақ "Фукусима-1" атом электр станциясынан тазартылған радиоактивті суды мұхитқа жіберу процесін тоқтатуға себеп болды.

Жапонияның метеорологиялық басқармасы Хоккайдодан бастап Вакаяма мен Огасавара аралдарына дейінгі аумақта цунами толқындарының қаупі сақталатынын ескертті.

Мияги префектурасындағы Исиномаки портында 50 см, ал Ибараки префектурасының Оараи қаласында 40 см биіктіктегі толқындар байқалды.

Елдің Премьер-министрі Сигэру Исиба барлық қажетті шаралар қабылданатынын айтып, министрліктер мен мекемелерге қауіп-қатердің салдарын азайтуды тапсырды.

Қорғаныс министрлігі жағдайды бақылау мақсатында Тынық мұхиты жағалауына барлау ұшақтарын жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу