Жапония қаржы-несиелік саясатын жеңілдетуге дайын

1967

Билік ел экономикасын ынталандыру мақсатында 120 млрд доллар бөлген болатын.

Жапония қаржы-несиелік саясатын жеңілдетуге дайын

Жапонияның Орталық банкі басшысының айтуынша, инфляцияны 2%-дан түсіру шарасы жүзеге аспаса, қаржы реттеушісі қаржы-несиелік саясатты әрі қарай жеңілдетпек. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады. 

Сондай-ақ ол жаһандық экономикаға қатысты өз болжамын айтты. Оның сөзіне сүйенсек, қазір әлемдік экономикадағы тұрақсыздық сейілуде. Өйткені Қытай мен АҚШ-тың келіссөздері алға жылжып, тараптар арасындағы шиеленіс басылған. 

Естеріңізге сала кетейік,бұған дейін Жапония билігі ел экономикасын ынталандыру мақсатында 120 млрд доллар бөлген болатын. Бұл сома экономика өсімін жылдамдатады, дейді сарапшылар. 

Қазір елдегі пайыздық мөлшерлеме -0,1% деңгейінде. Ал 10 жылдық қазынашылық мемлекеттік облигациялардың кірістілігі 0% деңгейінде қалды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу