Жапония қазақстандық компанияға не үшін санкция салды?

238

Бүгін Жапония Ресейге қарсы санкция тізімін ұлғайтты.   

 Жапония қазақстандық компанияға не үшін санкция салды? Фото: Денис Андреев

Оған алғаш рет қазақстандық компания ілікті. Elem Group электронды және теле коммуникациялық жабдықтардың көтерме саудасымен айналысады. Бұған дейін АҚШ пен Еуроодақ санкцияларына тап болған еді. Содан кейін оның Ресейге соғысқа қажет технология жеткізіп жатқаны белгілі болды. 

Алматыда орналасқан компания Ресей Украинаға соғыс бастаған соң, 20 күн ішінде құрылған. EGOV мәліметтері бойынша, осыдан 2 жыл бұрын тіркелген. Биыл қайта тіркеуден өтті. Ал кірісі миллиардтаған теңге. Олар былтыр Санкт-Петербургке кемінде 300 рет жүк тасымалдапты. Тізімге Ресейдің 50-ден астам, Қытайдың 7 фирмасы енді.

Бұдан бөлек, Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі фирмаларға санкция салынған. Украинаның одақтастары тізімдегі фирмалар Ресейге санкцияларды айналып өтуге, қару-жараққа қажет электроника сатып алуға көмектеседі дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу