Жапония қазақстандық жобаны қаржыландырмақ

1122

Аталған ел үкіметі Қазақстанға 3,3 млрд теңге грант бөлмек. 

Жапония қазақстандық жобаны қаржыландырмақ

Жапония үкіметі отандық жобаға 3,3 млрд теңге қаражат бөлмек. Білім министрлігінде бұл сомаға фотоэлектрлік жүйе негізінде баламалы энергия алатын ірі орталықты іске қосуды көздеп отырғандарын айтты. Жалпы ол 2010 жылы бекітiлген. Алайда біраз уақыт тоқтап қалған.  

"Жобаның басты мақсаты экологияға зияны тимейтін күн көзін тиімді ресурсқа айналдыру.  Бұл күн панелдері "Назарбаев Университеті" аумағында орнатылады. Яғни, күн электр станциясы Нұр-Сұлтанда жүзеге асырылады", – деді білім министрлігі баспасөз қызметі.

Барлық үкіметаралық және өзге де келісімдерге қол қойылғаннан кейін жоба екі жыл ішінде іске қосылмақ. Станцияның жалпы қуаты 1,2 МВт-ты құрайды.

Сонымен қатар, министрлік мамандары 3,3 млрд теңгелік грант өтеусіз негізде берілетінін атап өтті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу