Жапония Қазақстанға делегация жіберуге ниетті

708

Жапония Қазақстанға делегация жіберуге ниетті

Жапонияның ірі бизнес федерациясы Қазақстанға өзінің экономикалық миссиясын жіберуге ниетті. Бұл туралы Қазақстан елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаевтың Жапониялық "Кейданрен" бизнес федерациясының президенті Садаюки Сакакибарамен Токиодағы кездесуінде белгілі болды.

Жапониялық "Кейданрен" бизнес федерациясының құрамына 1400-ден астам жетекші жапон компаниясы, өнеркәсіп бірлестіктері мен өңірлік экономикалық қауымдастықтар кіреді.

Ерлан Баударбек-Қожатаев кездесу барысында Жапониядағы ең ірі іскерлік федерацияның басшылығын Қазақстан үкіметінің елдегі іскерлік және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі негізгі жұмысымен, екі ел кәсіпкерлерінің анағұрлым тығыз кооперациясы үшін бар мүмкіндікпен таныстырып өтті. Елші Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне ерекше тоқталып өтті.

"Торай Индастри" және "Хитачи" белгілі жапониялық компаниялары басшылығының құрамына кіретін С. Сакакибара Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қарашада Жапонияға ресми сапарының маңыздылығын атап өтті. Бұл кездесу екі елдің сауда экономикалық және инвестициялық технологиялық әріптестігін одан әрі дамыту үшін жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.

Жапония бизнес федерациясының басшысы Қазақстанның ЭКСПО көрмесіне дайындығына, соның ішінде көрменің инфрақұрылымын одан әрі тиімді пайдалану жөніндегі жоспарларына жоғары баға берді.  

Оған қоса, С. Сакакибара "ЭКСПО-2017" көрмесін халықаралық қолдауды мобильді ету жөніндегі Қазақстанның тәжірибесі де Жапонияны қызықтыратынын мәлім етті.  

Кездесу қорытындысында екі елдің іскерлік топтары арасындағы қарым-қатынастың жоғары динамикасының сақталу маңыздылығын айта келе, Ерлан Баударбек-Қожатаев және С. Сакакибара Жапониялық бизнес федерациясының 2017 жылы Қазақстанға миссиясын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу