Жапония қозғалтқышы 1,9 литрден асатын машиналарды Ресейге экспорттауға тыйым салмақ

1348

Жапония Үкіметі Украина жеріндегі жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа шектеу шараларының пакеті аясында Ресей Федерациясына қозғалтқышы 1,9 литрден асатын жаңа және пайдаланылған машиналарды экспорттауға тыйым салмақ. 

Жапония қозғалтқышы 1,9 литрден асатын машиналарды Ресейге экспорттауға тыйым салмақ Фото: ТАСС

Yomiuri газетінің хабарлауынша, тиісті шешім тамыз айының басында күшіне енуі мүмкін. Сонымен қатар, Жапония билігі Ресейге электромобильдер мен гибридтерді экспорттауға толығымен тыйым салады, деп жазады Inbusiness.kz.

2022 жылы қолданылған автомобильдер Ресей Федерациясына жапон экспортының негізгі тауарына айналды. Аталмыш көлік құралдарын Ресейге жеткізу көлемі Жапониядан тиісті өнім экспортының жалпы көрсеткішінің 26%-ын құрады. Мәселен, өткен жылы Ресей Федерациясына жалпы құны шамамен 250 млрд иен ($1,8 млрд) болатын 200 мыңға жуық автокөлік жіберілді. Басылымның пікірінше, жаңа санкциялар енгізілгеннен кейін экспорт тек шағын көлемді көліктермен шектеледі және оның ақшалай мөлшері шамамен 100 миллиард иенге ($720 миллион) дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу