Жапония Курил аралдарын "Ресей уақытша басып алған аумақ" деп атайды

1774

Бұл сөз тіркесі 2003 жылдан бері қолданылмады.

Жапония Курил аралдарын "Ресей уақытша басып алған аумақ" деп атайды

Жапония Курил аралдарын "Ресей уақытша басып алған аумақ" деп атайтын болды. Тиісті тұжырымдама жыл сайынғы "Дипломатия туралы көк кітап" анықтамалық кітабына енгізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония бұл сөз тіркесін 2003 жылдан бері қолданбады. 2012 жылдан бастап жапон дипломаттары Ресеймен ымыраға келу үшін даулы Курил аралдарын "байырғы жер" деп атап келеді.

"Ресейдің Украинаға басып кіруі ресейлік тарапқа деген көзқарасты өзгертті, аумақтық келіссөздер енді ұзаққа созылады. Халықаралық қоғамдастық Ресейден әскерді дереу шығарып, халықаралық құқықты сақтауды талап етіп отыр", – деп жазылған ресми хабарламада. 

Ескере кететін жайт, даулы аумақтар болып Курил жотасының төрт аралы: Итуруп, Шикотан, Кунашир және Хабомаи саналады.

Табиғат Нұрболат

Фото: globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу