Жапония Қырғызстанда өз қаражатына күн станциясын салуы мүмкін

411

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жапония Қырғызстанда өз қаражатына күн станциясын салуы мүмкін Фото: eurasiatoday.ru

Жапония Қырғызстандағы Чон-Кемин өзенінде екі шағын су электр станциясының (ГЭС) құрылысына қатысады. 

Ведомство хабарлағандай, Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтің Muroo Systems Corporation компаниясының президенті Пан Чжунсинмен кездесуінде тиісті мәселелер талқыланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жалпы қуаттылығы 24-25 мегаватт болатын Чон-Кемин өзенінде екі шағын ГЭС салу жобасын іске асыру туралы инвестициялық келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, Баткен облысында (республиканың оңтүстігі) қуаты 100 мегаваттқа дейінгі фотоэлектрлік күн станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Жапондық инвестор күн станциясын өз қаражатына салуға немесе несиелік қаржыландыруды тартуға міндеттеме алды.

Шағын ГЭС және күн электр станциясының құрылыс жобаларына 100 миллион долларға дейін инвестиция салынады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу