Бұл туралы Токиода өткен баспасөз мәслихатында Жапон минкабинетінің Бас хатшысы Хироказу Мацуно мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Хатшы 22-25 желтоқсан аралығында қытайлық күзетшілер осы аумаққа кіріп, рекордтық уақыт болғанын айтты.
"Қытай кемелері [Жапонияның] аумақтық суларында 72 сағат 45 минут болды - рекордтық уақыт. Өкінішті, келесіде мұндайға жол бермеу керек", — деді Мацуно.
Жапония Үкіметінің өкілі Токио бұл мәселе бойынша Пекинге дипломатиялық арналар арқылы наразылық білдіретінін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу