Жапония "Қытайды адам құқығын бұзды" деп айыптайтын қарар қабылдайды

1013

Құжат бойынша дауыс беру процесі 1 ақпанда өтеді.

Жапония "Қытайды адам құқығын бұзды" деп айыптайтын қарар қабылдайды

Жапонияның билеуші және оппозициялық партиялары парламенттің төменгі палатасында "Қытай басшылығы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында және ҚХР-дың басқа аймақтарында адам құқығын бұзды" деп айыптайтын қарар жобасын мақұлдамақ, деп хабарлайды inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл құжат бойынша дауыс беру процесі 1 ақпанда өтеді. Қарар жобасын төменгі палата депутаттары дайындады. Оны парламентарийлер бірауыздан мақұлдамақ. 

Ұйғырлар – Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын түркітілдес ұлт. Олардың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Human Right Watch дерегі бойынша, Қытай билігі осы ұлттың өкілдерін "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамап, бірнеше жыл қатарынан оларға қысым көрсетіп келеді.

БҰҰ-ның 2018 жылғы мәліметіне сүйенсек, бұл автомиялық аудандағы "түзету лагерьлерінде" 1 миллиондай ұйғыр заңсыз қамалып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу