Жапония мен АҚШ ядролық реакторларды бірлесіп әзірлеуді ойластырмақ

476

Жапония мен АҚШ келесі буын ядролық реакторларын әзірлеу саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі келісімге қол жеткізді. 

Жапония мен АҚШ ядролық реакторларды бірлесіп әзірлеуді ойластырмақ Фото: img4.eadaily.com/

Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тиісті келісімге Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Ясутоси Нисимура мен АҚШ энергетика министрі Дженнифер Грэнхольмның кездесуі барысында қол жеткізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Тараптар "екі елде, сондай-ақ үшінші елдерде" ядролық реакторлардың келесі буынын, оның ішінде шағын модульдік реакторларды әзірлеу мен салу жөніндегі ынтымақтастықты арттыруға келісті. Бұдан басқа, Жапония мен АҚШ сұйытылған табиғи газды (СТГ) жеткізуді қамтамасыз ету саласында және энергетикалық қауіпсіздіктің басқа да мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауға ниетті, деп атап өтті агенттік.

Нисимура сонымен қатар Жапония Үкіметінің елде бар реакторлардың қызмет ету мерзімін 60 жылдан астам уақытқа ұзарту туралы шешімін түсіндірді.

"Біз қолданыстағы реакторлардың мүмкіндіктерін барынша іске асыру мен тұрақты жеткізу тізбегін құру үшін (АҚШ — пен) ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеуге ниеттіміз", - деп атап өтті кездесу қорытындысы бойынша жапон министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу