Жапония мен Аустралияның қор нарығы өсті

Құрлықтық Қытай мен Гонконгтың және Оңтүстік Кореяның қор биржалары жаңа жыл мерекесіне орай жабылған кезде, Жапония мен Аустралияның қор нарығы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жапония мен Аустралияның қор нарығы өсті Фото: naryk.kz

Мәселен, Жапондық Nikkei 225 акциялары 1,5%-ға жоғарылады. Бұған басты себеп- техсектордың акцияларына сұраныс артты.

Мысалы, SoftBank Group, Tokyo Electron, Keyence, Advantest және Recruit Holdings  өсім көрсетті. Бұлармен қатар Nissan Motor мен Toyota Motor акциялары сәйкесінше 1,8% және 1,2%,  Sony -  1,9%, Nintendo - 0,4% жоғарылады.

Ал аустралиялық S&P/ASX 200 индексі бір күнде 0,4% өсті. Бұл ретте де динамикаға әсер еткен Codan Ltd.технологиялық компаниясы болды.

Оның акциялары бірден 17,9% қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу