Онда Жапония премьер-министрі Сигэру Ишиба мен НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттенің кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар әскери жаттығулар, киберқорғаныс, ғарыш саласы және озық технологиялар бойынша ынтымақтастықты арттыруға келіскен. Сондай-ақ, дрондар мен жасанды интеллекттің қауіпсіздік саласындағы рөлі де назардан тыс қалмады.
Айта кетейік, бұл Рюттенің бас хатшы қызметіне кіріскеннен кейін Жапонияға алғаш сапары саналады.
– Күшті НАТО Жапония үшін үлкен пайда әкеледі, – деп бастады Ишиба баспасөз мәслихатында.
Бірлескен мәлімдемеде Ишиба мен Рютте қорғаныс өнеркәсібіндегі әріптестікті кеңейтуге және қосарлы мақсаттағы технологияларды дамытуға ниетті екенін білдірді. Олар стандарттау мен өзара үйлесімділікке де басымдық беретінін айтты.
Жапония НАТО-мен жақсы қарым-қатынас жасауға ұмтылып отыр, себебі "Украинаға қарсы Ресейдің басқыншылығы Қытайдың аймақтағы белсенділігін арттыруы мүмкін" деген алаңдаушылық бар. Осы орайда, тараптар Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери байланыстардың, әсіресе Ресейдің Украинада Солтүстік Корея зымырандарын пайдалануының қауіптілігіне тоқталды.
Рютте Қытайдың әскери әлеуетін күшейтіп жатқанына және оның Үнді-Тынық мұхит аймағындағы "тұрақсыздандыру әрекеттеріне" алаңдаушылық білдірді. Сонымен қатар, Шығыс және Оңтүстік Қытай теңіздерінде күш қолдану арқылы статус-квоны өзгертуге қарсы екенін жеткізді.
Жапония Украинаға көмек көрсету мәселесінде НАТО бастамаларына қатысуға дайын екенін білдіріп отыр.