Жапония мен Швейцария Басшылары Ресейге қарсы санкциялар саясатын жалғастыруға келісті

1132

16 наурызда Швейцария ЕО енгізген шектеулерді қолдап, Ресейге қарсы санкциялар енгізген болатын.

Жапония мен Швейцария Басшылары Ресейге қарсы санкциялар саясатын жалғастыруға келісті

Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида мен Швейцария президенті, Иньяцио Кассис Токиода келіссөздер өткізіп, Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялар салу саясатын жалғастыруға уағдаласты, деп хабарлайды inbusiness.kz Жапония СІМ-нің сайтында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап.

"Әлемдік қауымдастықты біріктіру қажеттілігі туындады. Бұны біздің маңызды серіктесіміз болып табылатын Швейцариямен бірлесе іске асырғымыз келеді", – деді Кисида.

Сонымен қатар екі елдің басшылары КХДР төңірегіндегі жағдай туралы пікір алмасып, Солтүстік Кореяның зымырандарды ұшыруына қатысты ортақ шешім қабылдауға келісті.

16 наурызда Швейцария ЕО енгізген шектеулерді қолдап, Ресейге қарсы санкциялар жариялаған болатын. Қара тізімге Ресейдің 200 жеке және заңды тұлғасы енгізілді. Наурыз айының соңында Ресей президенті Владимир Путин, премьер-министр Михаил Мишустин және сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа санкциялар салынды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: azernews.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу