Жапония Олимпиада қарсаңында ТЖ режимін енгізеді

670

Дене температурасы 37,5 градустан жоғары көрермендерге жарысты тамашалауға тыйым салынады.  

Жапония Олимпиада қарсаңында ТЖ режимін енгізеді

Жапония Олимпиада қарсаңында Токио қаласында төтенше жағдай режимін енгізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

8 шілдеде ел премьері Есихидэ Суга ресми түрде осы шешімді жариялайды. Ел билігі көрермендердің Олимпиада ойындарына қатысуына тыйым салуы мүмкін. Медициналық сарапшылардың пікірінше, мұндай шешім COVID-9 індеті кезінде тиімді болмақ.

COVID-19 дертімен күрес бойынша ұсыныстарға сәйкес, дене температурасы 37,5 градустан жоғары көрермендерге жарысты тамашалауға тыйым салынады. Тағы бір жайт, ойын өтетін жерлерге тек 10 мыңдай адам кіргізіледі.

Токио Олимпиадасы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Бастапқыда ол 2020 жылдың жазында ұйымдастырылуы керек еді, бірақ пандемияға байланысты жарыс кейінге қалдырылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу