Өзбекстандық Alfa Beta Creative және Gfk Logistics Asia компаниялары Жапонияның санкциялар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Жапония билігі Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтіп, шектеулер тізіміне осы екі компания кірді. Бұған дейін оларға қарсы АҚШ пен Еуропа Одағы санкциялар салған болатын.
Alfa Beta Creative 2022 жылдың 6 маусымында Ташкентте тіркелген, жарғылық капиталы 2 миллион сум. Оның құрылтайшысы мен жетекшісі - Светлана Каримовна Хайдари, ал қазір - Олег Валерьевич Грабилин. Компания кеңсе техникасы мен жабдықтарын сатумен айналысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу