Күншығыс елі Жапонияның аэроғарыштық зерттеулер агенттігі (JAXA) әзірлеген алғашқы SLIM ай қондырғышын ғарышқа жіберді, деп жазады Inbusiness.kz.
Зымыран тасығышы Кагосима префектурасының оңтүстігіндегі Танэгасима ғарыш айлағынан 7 қыркүйеккүні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.42-де (Астана уақытымен 06.42) ұшты. Ауа-райына байланысты ұшыру бірнеше рет кейінге қалдырылды.
Модуль Жер серігінің бетіне 4-6 айдан кейін қонуы тиіс. Миссия аясында зонд көлемі алақанмен бірдей жол талғамайтын көлік пен көп спектрлі камераның көмегімен осы уақытқа дейін аз зерттелген ай мантиясының тау жыныстарының құрамын талдайды.
Аппаратты әзірлеу кезінде қолданылатын технологиялар белгілі бір жерге 100 метрден аспайтын қателікпен қонуға мүмкіндік береді. Бұрынғы миссияларда бұл көрсеткіш бірнеше шақырымға жетті, деп атап өтті AFP агенттігі. "Адамзат (...) енді кез-келген жерге емес, өзі қалаған жеріне қонуы әбден мүмкін", - деп атап өтті JAXA мамандары.