Жапония парламенті Токиоға балама "екінші астана" құру туралы заң қабылдады

459

Заң жобасы оппозиция тарапынан қатты сынға ұшырады.

Жапония парламенті Токиоға балама "екінші астана" құру туралы заң қабылдады Фото: canva

Жапония парламенті төтенше жағдайлар, соның ішінде ірі табиғи апаттар кезінде Токионың қызметін алмастыратын "екінші астана" құру туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Кyodo басылымына сілтеме жасап.

Бастама билеуші коалиция тарапынан ұсынылғанымен, оппозиция оны Осака қаласына ерекше мүмкіндік беретін жоба деп сынады. Жаңа заң бойынша премьер-министр талаптарға сай келетін өңірді елдің қосалқы астанасы ретінде белгілей алады.

Бұл шешім Жапониядағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және өңірлердің рөлін арттыру мақсатын көздейді. Заң парламенттің ұзартылған негізгі сессиясы аяқталар алдында қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу