Жапония премьер-министрі қызметінен кетеді

178

Кишида екінші мерзімге сайлауға түспейтінін мәлімдеді. 

Жапония премьер-министрі қызметінен кетеді Фото: azertag.az

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида қыркүйекте өтетін партияішілік сайлауда билеуші либералды-демократиялық партияның басшылығына өз кандидатурасын ұсынбайтынын ресми айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Фумио Кишида алдағы сайлауда билеуші либералды-демократиялық партияда өзгеріс болатынын айтты.

Кишида 2021 жылы билеуші либерал-демократиялық партияның төрағасы болып сайланды, оның үш жылдық мерзімі қыркүйекте аяқталады. Оның шешімі партиялық дауыс беруде жеңіске жеткен жаңа көшбасшы оның орнына премьер-министр болады дегенді білдіреді.

Қазіргі премьер-министр жаңа көшбасшының пайда болуы партияның жақсы жаққа өзгеріп жатқанын көрсетуі керек екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу