Жапония Ресейден қарсы тағы да санкция енгізді

664

Шектеу тізімінде РФ вице-министрі бар. 

Жапония Ресейден қарсы тағы да санкция енгізді

Жапония үкіметі Ресей мен Беларусьтың 90 жеке тұлғасы мен ұйымына қарсы жаңа санкция салды, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Қаржы министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Қара тізімге Ресейдің вице-премьері Дмитрий Григоренко, Херсон облысының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Владимир Сальдо және оның орынбасары Кирилл Стремоусов, "Северсталь" және "Силовые машины" директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Мордашовтың туыстары енгізілді.

Сондай-ақ Жапония билігі 5 қыркүйектен бастап Ресей алтынының импортына, сондай-ақ оған бухгалтерлік есеп, аудит, консалтинг және сенім қызметтерін көрсетуге тыйым салды.

17 маусымнан бері Жапония Ресейге жүк көліктерін, бульдозерлерді, самосвалдарды және басқа жабдықтарды экспорттауға тыйым салған болатын. Бұған дейін Токио "өнеркәсіптік инфрақұрылымды нығайтуға ықпал ететін" ресейлік тауарлардың экспортын шектеді. 27 маусымда Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Ресейдің 160 азаматы мен ұйымына қосымша санкциялар салатынын айтты.

Табиғат  Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу