Жапония билігі КХДР-ға қатысты санкциялар режимінің бұзылуына байланысты Ресейдің төрт ұйымы мен үш жеке тұлғасына қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Тізімге Александр Гаевой, Александр Часовников және Роман Алар, сондай-ақ "Аполлон", "РК Бриз", "Зил-М" және "Парсек" компаниялары енгізілді. Сонымен қатар Қытай мен Ресейде тұрып жатқан Солтүстік Кореяның алты азаматына шектеу салынды. Егер бұл азаматтардың Жапонияда банктік шоттары мен активтері бар екені анықталса, олар дереу бұғатталады.
Бұған дейін АҚШ аталған Ресей азаматтары мен компанияларды КХДР бойынша санкциялар тізіміне енгізген болатын. АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, олар КХДР-ға заңсыз баллистикалық зымыран жүйелеріне арналған компоненттерді сатып алуға көмектескен.
Табиғат Нұрболат