Жапония Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауын айыптады

1667

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді.

Жапония Ресейдің ДХР мен ЛХР егемендігін мойындауын айыптады

Жапония үкіметі Ресейдің Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау туралы шешімін айыптайды. Бұл туралы Жапонияның Сыртқы істер министрі Есимаса Хаяси мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Ресейдің Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзатын бұл қадамын мойындамаймыз, айыптаймыз", – деді ол.

Ведомство басшысы Ресейдің әрекеттері халықаралық құқық нормаларын бұзатыны атап өтті. Оның айтуынша, қазір Жапония халықаралық қоғамдастықпен бірлесе Ресейдің әрекеттеріне қатысты қандай шара қабылданатыны қарастырып жатыр.  
21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу