Жапония Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізеді

592

Жаңа шектеулер бойынша Ресейге бухгалтерлік және сенімгерлік қызметтер көрсетілмейді, алтынды импорттауға тыйым салынады.

Жапония Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізеді

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Ресейдің 160 азаматы мен ұйымына қарсы қосымша санкциялар енгізетінін мәлімледі, деп хабарлайды inbusiness.kz NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Жапония тарапы Ресейдің 70 жеке және заңды тұлғаларының активтерін бұғаттамақ.

Қорғаныс секторымен байланысы бар 90 ресейлік ұйымға қарсы экспорттық санкциялар салынады. Жаңа шектеулер бойынша Ресейге бухгалтерлік және сенімгерлік қызметтер көрсетілмейді, алтынды импорттауға тыйым салынады.

17 маусымнан бастап Жапония Ресейге жүк көліктерін, бульдозерлерді, самосвалдарды және басқа жабдықтарды экспорттауға тыйым салды. Бұған дейін Токио "өнеркәсіптік инфрақұрылымды нығайтуға ықпал ететін" тауарлар экспортын шектеді.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ресей сыртқы қарыз бойынша дефолтқа ұшырады. 27 маусымға қараған түні Ресейде 1918 жылдан бері сыртқы қарыз бойынша дефолт орнады, өйткені мемлекеттік облигациялар бойынша 100 миллион доллардай кешіктірілген төлемдерді жүргізуге арналған жеңілдік мерзімі аяқталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу