Жапония Ресейге қарсы санкциялар енгізуі мүмкін

1607

Ұлыбритания, АҚШ және ЕО басшылары да Украина төңірегіндегі жағдай шиеленіскен жағдайда Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар пакетін салу жағын талқылады.

Жапония Ресейге қарсы санкциялар енгізуі мүмкін

Жапонияның Либералды-демократиялық партиясының штаб-пәтерінің сыртқы саясат жөніндегі комиссия мүшелері Ресей Украинаға басып кірген жағдайда оған экономикалық санкциялар енгізуді ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күні өткен отырыста Жапонияның билеуші партиясының мүшелері Ресейден имортталатын табиғи газға шектеу енгізуге шақырды. Алайда жиынға қатысқан елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұған қатысты шешімді АҚШ-пен ақылдаса отырып қабылдайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Ұлыбритания, АҚШ және ЕО басшылары Украина төңірегіндегі жағдай шиеленіскен жағдайда Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған санкциялар пакетін салу жағын талқылады. Саясаткерлер Ресей Украинаға басып кірсе, ресми Мәскеуді қатаң шектеулермен жазалау керек деген байламға келді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу