Жапония Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті

579

Бұған дейін ЕО Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін мақұлдады. 

Жапония Ресейге қарсы санкциялар тізімін кеңейтті

Украинадағы жағдайға байланысты Жапония үкіметі ресейлік "Россельхозбанк" пен "Мәскеу несие банкіне", сондай-ақ "Беларусь даму және қайта құру банкіне" қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жапония СІМ-нің дерегі бойынша, ресейлік активтерді бұғаттауға бағытталған бұл санкциялар 7 маусымда күшіне енеді. Олармен қаржыдық операция жүргізуге тыйым салынады. 

"Сонымен қатар Ресей Федерациясының өндірістік базасын нығайтуға ықпал ететін тауарларды экспорттау шектеледі", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін мақұлдаған еді. Жаңа шектеулер бойынша, Ресейден әкелінетін мұнайды импорттауға ішінара эмбарго енгізу және Сбербанкті SWIFT жүйесінен ажырату қарастырылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу