Жапония Ресейге өз жүк көліктерін экспорттамайтын болды

563

АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен Ресейге қарсы санкция енгізетін мемлекеттердің коалициясын құруды ұсынды. 

Жапония Ресейге өз жүк көліктерін экспорттамайтын болды

17 маусымнан бастап жаңа санкциялар пакеті аясында Жапония Ресейге өз жүк көліктерін, бульдозерлерін экспорттауға тыйым салады. Бұл туралы Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Коити Хагиудо хабарлады.

Министрлер кабинеті бұл шешімді 7 маусымда қабылдаған. Осылайша, өнеркәсіптік инфрақұрылымды нығайтуға ықпал ететін өнімдерді Ресейге экспорттауға шектеу қойылады.

Бұдан бөлек шектеу салынған өнімдер тізіміне сәндік фанер, станоктарға арналған компоненттер мен қосалқы бөлшектер, болат резервуарлар, бу генераторлары, газ генераторлары, сорғылар, турбиналар, баспа жабдықтары, тоқу машиналары, өнеркәсіптік роботтар бар.

Бұған дейін жапон билігі санкциялар тізіміне Ресейдің 507 азаматын, 200-ден астам ресейлік компания мен ұйымды енгізіп, ең ірі банктерінің активтерін бұғаттап тастаған болатын.

АҚШ-тың Қаржы министрі Джанет Йеллен Ресейге қарсы санкция енгізетін мемлекеттердің коалициясын құруды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай бастама шектеулердің тиімділігін арттырмақ.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу