Жапония Ресейге тағы да санкция салды

691

Санкцияға кірген тауарлар тізіміне хлор, метанол, ацетон, этилен және натрий гипохлоритін қоса алғанда, химиялық заттардың 73 түрі енгізілген деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония Ресейге тағы да санкция салды Фото: Евгений Переверзев, Коммерсантъ

Бүгіннен бастап Жапонияның 26 қыркүйекте ел үкіметінің Ресей Федерациясына химиялық қару өндіруге қатысты тауарларды жеткізуге тыйым салуды белгілеу туралы шешіміне байланысты салынған санкциялар күшіне енді.  

Жапон билігі бұған дейін Украинадағы жағдайға байланысты Ресей Федерациясына қатысты шектеу шараларының бірнеше кешенін бекіткен болатын. "Открытие" банкі, Новикомбанк, Совкомбанк, ВТБ, "Россия" банкі, Промсвязьбанк, ВЭБ. РФ, Сбербанк және Альфа-банктің, сондай-ақ Ресейдегі 40-қа жуық ұйымдар мен компаниялардың активтерін бұғаттады.

Енді центрифугалар, жылу алмастырғыштар және конденсаторлар сияқты химиялық жабдықтың 16 түрін экспорттауға тыйым салынып отыр. 

Экспортқа тыйым салынған тауарлар мен технологиялар тізбесі 400-ден астам атауды қамтып отыр. Соның ішінде жартылай өткізгіштер, теңіз және авиация қауіпсіздігіне арналған жабдықтар, телекоммуникация құралдары, байланыс құралдары, әскери мақсаттағы бұйымдар, соның ішінде қару-жарақ, бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай өңдеу жабдықтары, жүк көліктері, жүкті өзі түсіретін көліктер, бульдозерлер, өнеркәсіпте қолданылатын темір жол локомотивтері, станоктар және басқа электр жабдықтары бар.

Ресейге сәнді тауарлар, соның ішінде құны 6 млн иеннен (шамамен 49 мың доллар) асатын көліктерді жеткізуге тыйым салынды, сондай-ақ Ресейден алтын әкелуге тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу