Жапония "Сахалин-1" жобасының маңыздылығы туралы мәлімдеді

705

Бүгінде мұнай “Сахалин-1”-ден Күншығыс еліне импортталмайды.

Жапония "Сахалин-1" жобасының маңыздылығы туралы мәлімдеді

Ресейдің “Сахалин-1" жобасы Жапонияны энергиямен қамтамасыз етуде, мұнайдың тұрақты жеткізілімі үшін маңызды болып қала бермек. Бұл туралы Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің басшысы Ясутоси Нишимура хабарлады, деп жазады inbusiness.kz “РИА Новости” сайтына сілтеме жасап. 

"Жапония Таяу Шығыс елдерінен мұнай жеткізілімдерінің 90%-ына тәуелді. "Сахалин-1" жобасы импорт арналарын әртараптандыру, тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етуде маңызды", — деді ол.

Ресей Президенті Владимир Путин үкіметке “Exxon Neftegaz Limited” компаниясының құқықтары мен міндеттері берілетін "Сахалин-1" жобасының жаңа ресейлік операторын құруды тапсырған.

Айта кетейік, "Сахалин-1" жобасының акционерлері қатарында Exxon Neftegas Limited (30%), "Роснефть" (20%), үнділік ONGC (20%) және жапониялық Sodeco (30%) бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу