Жапония шенеуніктерін Бейжіңде өтетін Олимпиадаға жібермеуі мүмкін

835

6 желтоқсанда АҚШ 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады.

Жапония шенеуніктерін Бейжіңде өтетін Олимпиадаға жібермеуі мүмкін Фото: reuters.com

Жапония үкімет мүшелері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлерді Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға жібермеуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz Sankei басылымына сілтеме жасап. Осылайша, Токио АҚШ-тың осы ойындарға  жариялаған дипломатиялық бойкотын қолдамақшы. 

Алдын ала жоспарға сәйкес, жапон делегациясының құрамына спорттық басқарманың төрағасы Кодзи Мирофуси мен Жапония Олимпиада комитетінің басшысы Ясухиро Ямасита енгізіледі. Токио бұл мәселе бойынша түпкілікті шешімді кейін қабылдайды. 6 желтоқсанда АҚШ 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялады. Бойкоттың себебі – Вашингтон Қытай билігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жаппай қуғын-сүргін ұйымдастырды деп айыптап отыр. 

Аустралия Премьер-Министрі Скотт Моррисон да дипломатиялық бойкот жариялайтынын мәлімдеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу