Жапония тайфун салдарымен күреске $6,5 млн доллар бөледі

1205

NHK соңғы дерегі бойынша, апаттан қаза тапқандардың саны 74-ке жетті. 

Жапония тайфун салдарымен күреске $6,5 млн доллар бөледі

Хагибис тайфунынан зардап шеккендерге арналған қаражат мемлекет бюджетінің резервтік қорынан жұмсалады. Нақтырақ айтқанда, жергілікті билік баспанасынан айырылғандар мен сұрапыл желден жапа шеккендерге азық-түлік, ауыз су және басқа керек-жарақтарды сатып алып береді. 

Ел премьері Синдзо Абэнің айтуынша, үкімет тайфунға "дүлей апат" деген мәртебе беріп, қирап қалған аудандарға бөлінетін мемлекеттік субсидия көлемін көтермек. 

Соңғы дерек бойынша, Жапониядағы Хагибис жойқын желінен ажал құшқандардың саны 74-ке жеткен. Тайфун өткен аптаның соңында ойран салған болатын. Салдарынан әуежайлар мен бірқатар теміржол вокзалдары жұмысын тоқтатып, 800-ден астам рейс кейінге шегерілді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу