Токио мұны Ақ үй әкімшілігімен баж салығы бойынша келіссөзде қысым тетігі ретінде қолдануға даяр. Бұл туралы елдің қаржы министрі Кацунобу Като жергілікті телеарналардың біріне берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Американың Жапонияға қарызы 1 трлн доллардан асады. Токио осы сомада Құрама Штаттары үкіметінің құнды қағаздарына иелік етеді.
Өткен айда Дональд Трамп әлемнің 185 еліне баж салығын көтерді. Ізінше нарықта АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары жаппай сатылды.
Сол кезде сарапшылар: "Мұның артында Токио тұр", – деген болжам айтқан еді.
Америка Құрама Штаттары мен Жапония арасындағы тарифтер бойынша келіссөздердің екінші раунды айтарлықтай жетістіктермен аяқталды және Жапония келіссөздердің алдын ала сатысында екенін білдірді.
Ал, жұма күні таңертең Жапонияның Премьер-министр Шигеру Ишиба Токиода кездесу туралы брифингтен кейін журналистерге: "Біз әлі ортақ тіл табысатын нүктеге жеткен жоқпыз. Үстел басында айтылған көп нәрсе сонда қалды", - деп мәлімдеді.